Қазгидромет ауа райына байланысты Алматыда ескерту жариялады. 26 маусымда күндіз қалада қатты ыстық болады. Термометр 36 градусқа дейін көтеріледі, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ТЖД-ға сілтеме жасап.
«Ыстық ауа райы, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары, артериялық гипертониясы бар, сондай-ақ инфаркт пен инсульт қаупі бар адамдар үшін қауіпті. Серуен, шамадан тыс физикалық белсенділіктен шектеліңіз.
Дәрігердің нұсқаулығын нақты орындап, берілген дәрі-дәрмектерді уақтылы қабылдау қажет. Артериялық гипертензиямен ауыратын адамдар қан қысымын үнемі қадағалап отырсын», – деді ТЖД өкілдері.
Олар қала тұрғындары мен қонақтарын күн өтіп кетпес үшін серуендеуден аулақ болуға шақырды.