Қостанай әуежайына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді

Танымал

Ел аузында

Қостанайдағы халықаралық әуежайға ресми түрде Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілді. Бұл туралы ҚР премьер-министрінің жаңа қаулысында айтылған, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қостанай» халықаралық әуежайы» акционерлік қоғамына Ахмет Байтұрсынұлының есімі берілсін», – делінген құжат мәтінінде.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енеді.

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері. Қазақ халқының XX ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы, Алаш-Орда үкіметінің мүшесі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қазақстандық жас робототехниктер FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 чемпионатында жүлдеге ие болды

2026 жылғы 13–16 тамыз аралығында Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласында FIRST LEGO League Asia Open Championship 2026 халықаралық робототехника...