Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қаржы пирамидаларын жарнамалау: Сенат заңға түзетулерді қабылдады

Танымал

Ел аузында

Сенат екінші оқылымда қаржы пирамидасын құруға жауапкершілікті күшейту туралы заңға түзетулерді мақұлдады. Заң жобасы Қылмыстық кодекске жаңа, «Қаржылық, инвестициялық пирамидаларды жарнамалау» туралы бап енгізуді ұсынады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Заң жобасының мақсаты – қаржылық (инвестициялық) пирамиданы құрғаны және оған басшылық жасағаны үшін жауаптылықты күшейту, сондай-ақ азаматтарды қаржылық пирамидаға тартуға алып келген ақпаратты (жарнаманы) таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты заңнамалық реттеуді қамтамасыз ету», – дейді сенаторлар.

Заң жобасына сәйкес, қылмыстық, қылмыстық-процестік кодекстеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасының негізгі міндеттері:

  • қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құрғаны және оларға басшылық жасағаны үшін жазаны қатаңдату;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамида ақпаратын айтарлықтай залал келтіре отырып, оған адамдарды тартуға алып келген жеке және тікелей таратқаны үшін, оның ішінде электрондық ақпараттық ресурстар арқылы таратқаны үшін қылмыстық жауаптылықты енгізу;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды жарнамалағаны үшін тергеуге жататындығын айқындау болып табылады.

Заң жобасын іске асырудан күтілетін нәтижелер:

  • азаматтарды қаржылық (инвестициялық) пирамидаға тарту, оның ішінде қаржылық (инвестициялық) пирамидаларды құру жөніндегі қылмыстық пиғылдың алдын алу;
  • қаржылық (инвестициялық) пирамидалардың қызметінен зардап шеккен азаматтар арасындағы әлеуметтік шиеленісті төмендету.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...