Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1.9 C
Nur-Sultan
12.2 C
Almaty
14.2 C
Shymkent

Күзде Қазақстанда киіктерді аулау басталады

Танымал

Ел аузында

Экология, геология және табиғи ресрустар министрі Серікқали Брекешев Жайық популяциясына жататын 80 мың бас киікті ату туралы шешім қабылданғанын мәлім етті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Биологиялық негіздеме аяқталды. Ғалымдар киіктер мәселесін реттеу қажет екенін айтып отыр. Бұл Жайық популияциясына қатысты болмақ. Қазір бұл популяциясының саны 800 мыңнан асады, соның он проценті реттеледі. Яғни 80 мың бас киік», – деді Брекешев мәжіліс кулуарында.

Журналистер министрден «800 мың киіктің 80 мыңы атыла ма?» деп сұрады. «Иә», деп жауап берді ол.

Айтуынша, бұл шара киік санын реттеуге және оларды көбейтуге бағытталған.

Ол киік санын реттеу шаралары популяциялардың санын шектеп ұстау дегенді білдірмейтінін ескертті.

«Оның ішінде кейбір популяциялардың санын көбейту де көзделген. Реттеу деген киік санын ұстап тұру екенін қайталап айтамын. Реттеу дегеннен кейін белгілі бір нормалар бар екені түсінікті. Бұл қажетті шара. Ауыл шаруашылығы жануарларымен қайшылықтар болмау үшін осылай істеу керек. Бүгінгі таңда Батыс Қазақстан облысында киіктер жайылымдарға ғана емес, егін алқаптарына да кіріп жатыр. Сондықтан бір жағынан проблема да бар. Тіпті биологиялық негіздеме бойынша киіктердің оңтайлы саны емін-еркін тірлік кеше алатын көлемге жетуі керек. Осы негіздемелердің аясында реттеу жүргізіледі. Бүгінгі таңда біз 500-ге дейін киікті зерттеу үшін аламыз», – деді ведомство басшысы.

Реттеу жұмысы күзде, қазан айында басталады.

Айта кетсек, қазір Қазақстанда 1,3 миллиондай киік бар.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...