2022 жылдағы мамыр айындағы жағдай бойынша 64 жастағы миллиардер 2,8 млрд доллар байлығымен Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде.
Алтын өндіретін RG Gold және RG Processing компанияларының активтеріне иелік ететін олигарх Болат Өтемұратов өз бизнесін дөңгелету үшін Қазақстан даму банкінен Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында 126,8 млрд теңге несие алған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Болат Өтемұратов – еліміздегі ең дәулетті адамдардың бірі. 2022 жылдағы мамыр айындағы жағдай бойынша 64 жастағы миллиардер 2,8 млрд доллар байлығымен Қазақстандағы ең бай адамдардың тізімінде алтыншы орынға жайғасқан.
Олигархтың Қазақстанда айналыспаған бизнесі кемде-кем. Солардың бірі – алтын өндірісі. Shishkin_like каналының жазуынша, RG Gold, RG Processing компаниялары еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевты маңайлап жүретін Болат Өтемұратовқа тиесілі. Алайда шешуін күткен өзекті мәселелердің бәрін ысырып қойып Қазақстан даму банкі шешуін күткен өзекті мәселелердің бәрін ысырып қойып, онсыз да қалтасы қалың Өтемұратовтың алтын бизнесін қолдауға қыруар қаржы бөлгені көкейде көп сұрақ туындатады.
Мемлекетке қол жайған олигарх ForteBank-тің 89,35%-ы (банктың капиталы 277,7 млрд теңгені құраса, жалпы активі 2,42 трлн теңгеге жеткен), «КаР-Тел» ЖШС-ның 25%-ы, «Sky Mobile» компаниясының 49,9%-ына иелік ететінін айтпай кетуге болмас.