Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Елімізде оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту ұсынылды

Танымал

Ел аузында

Сарапшылар мен кейбір мектептердің өкілдері оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзартуды ұсынып отыр. Бұл 2022-2023 оқу жылындағы білім процесін ұйымдастыру мәселелерін талқылау мақсатында ұйымдастырылған дөңгелек үстелде көтерілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқу жылын ұзартуды ұсынып отырған педагогтер қосымша оқу апталары білім алушылардың күнделікті оқу жүктемесін азайтуға көмектесетіндігін алға тартып отыр.

Сонымен қатар, оқу жылын ұзарту «күрделі» тақырыптарды аз уақытта игерту мәселесін шешеді. Сондай-ақ, жазғы демалыстың ұзақтығын қысқарту білім алушылардың алған білімін жоғалтпауына септігін тигізеді.

«Біздің ел оқу жылындағы апта саны ең қысқа мемлекеттердің бірі 34 оқу аптасы. Нәтижесінде республикамыздың білім алушылары жылына 130 күннен астам демалады, бұл әлемдегі ең ұзақ демалыс десек болады. Салыстыратын болсақ: мысалы, Израильде демалыстың ұзақтығы – 84 күн, Оңтүстік Кореяда – 90 күн, Жапонияда – 102 күн. Зерттеулердің нәтижесі, балалар ұзақ үзілістен кейін игерген материалдың 25%-ын ұмытатынын көрсетіп отыр. Сондықтан біз қазақстандық мектептердегі оқу жылын 38 аптаға дейін ұзартуды ұсынамыз – оқу жылын 15 тамызда бастап, 5 маусымда аяқтауды ұсынамыз. Немесе қыркүйек айында әдеттегідей басталса, онда 20 маусымға дейін ұзарту керек», – деді «BINOM SCHOOL» мектебінің басқарушы директоры Арайлым Мағзұмова.

«Әділет» республикалық орта және мектепке дейінгі білім беру қауымдастығының төрайымы Динара Құдайқұлова да өз сөзінде оқу жылын ұзарту үшін оңтайлы деп санайтын мерзімдерді атап өтті:

«20-25 тамыздан бастап балалар шығуы керек, шын мәнінде екі апта бойы балалар оқу процесіне толығымен кіре алмайды деп санаймыз. 20-25 тамыздан 5 маусымға дейін кем дегенде ұзартылуы керек», – деді ол.

Сарапшылар оқу жылының ұзақтығын арттыру сыныптардағы жүктемені 1-2 сағатқа қысқартуға, кабинет тапшылығын оңтайландыруға, білім алушылардың қосымша білім алуына және педагогтердің өздерін кәсіби дамытуына көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік беретініне сенімді.

Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі сарапшылар қауымдастығының ұсынысы талқыланып жатқанын хабарлады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...