Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
11 C
Almaty
17.3 C
Shymkent

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау бойынша үшжақты меморандумға қол қойылды

Танымал

Ел аузында

Алматы облысында балалардың құқықтарын қорғау және олардың рухани дамуына қолдау көрсету мақсатында үшжақты ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Игі шара Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Құжатқа қол қойған тараптар:
– Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы «Аналар кеңесі» қоғамдық бірлестігі,
– «Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі,
– «Алматы облыстық мамандандырылған балалар үйі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Меморандум аясындағы серіктестік қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті арттыруға, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ олардың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Іс-шарада сөз алған Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Сүлейменов меморандумның маңыздылығына ерекше тоқталды:

«Бүгінгі меморандум — бұл жай ғана қағаз жүзіндегі келісім емес. Бұл – үш ұйымның күш біріктіріп, балалардың болашағына деген нақты қамқорлығының көрінісі. Біз баланың денсаулығына ғана емес, оның тұлғалық, рухани дамуына да қолдау көрсетуіміз қажет. Бірлесе жұмыс істеу арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткіземіз деп сенемін», – деді Ержан Сүлейменов.

Тараптар алдағы уақытта бірлескен іс-шаралар, семинарлар, тәрбиелік және мәдени бағдарламалар ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области подписан трехсторонний меморандум по защите прав детей

В Алматинской области состоялась церемония подписания трехстороннего меморандума о сотрудничестве в целях защиты прав детей и поддержки их духовного...