Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Қазақтанда шілде айында аптап ыстық басылады

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың шілде айына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Айдың бірінші онкүндігінде еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“Жаңбыр жауады, кей өңірлерде қатты жауады. Қазақстанның батыс облыстарында айдың басында, республиканың қалған бөлігінде шілденің бірінші онкүндігінде жауын-шашын болады” – деді Қазгидрометте.

Жаңбырлы және бұлтты ауа райымен қоса күн күркіреп, бұршақ жауады, желдің екпіні 15-25 м/с-ге дейін күшейеді.

“Осы кезеңде еліміздің солтүстік жартысына солтүстік теңіз аймақтарынан суық ауа массаларының енеді. Түнде температура  +5…+13°С болса, күндіз ауа температурасы +18…+28°С-тан +12..+17°С-қа дейін төмендеуі күтілуде, республиканың оңтүстік жартысында түнде аптап ыстық +20…+25°С-тан  +12…+20°С, ал күндіз +30…+38°С-тан +23…+30°С дейін төмендейді”, – деді Қазгидрометте. 

Шілденің бірінші онкүндігінің соңы мен екінші онкүндігінің басында күн қайтіп ысиды.

Ауа температурасы күндіз көтеріліп, республиканың оңтүстік-батыс жартысында – +30…+40°С дейін; солтүстікте, орталықта және шығыста – + 25 + 33°С дейін жетеді.

Айдың ортасында Ресейдің еуропалық аумағының аймақтарынан келетін суық ауа массаларының тағы бір бөлігі ауа температурасының төмендеуіне әкеледі. Республиканың басым бөлігінде фронтальды бөліктерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік және батыс облыстарында шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Айдың екінші жартысында республиканың оңтүстік бөлігінде ауа температурасы құбылмалы болады деп күтілуде.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...