Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

Алматыда қандай штамм коронавирустың өршуіне себеп болды?

Танымал

Ел аузында

Алматы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті 30 маусымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы  айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ведомство 16 маусымнан бастап қалада коронавирус жұқтырғандар саны артқанын атап өтті.

«Тәуліктік өсім 0,032 пайызға, 100 мың тұрғынға шаққандағы апталық көрсеткіші 16,63-ке, репродуктив саны 1,78-ге жетті (республикалық көрсеткіш – 1,76). Бұл көрсеткіш бір науқастан бір-екі адам коронавирус жұқтырғанын көрсетеді», – делінген хабарламада.

Коронавирус бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасында Алматы «жасыл» аймақта тұр, деп түсіндірді ведомство өкілдері.

«23 маусымда 74 оң ПТР-сынамасы жеткізілді, оның 58 үлгісі (78,4 пайыз) стелс-мутация ықтималдығын көрсетті, 16 үлгі (22 пайыз) – омикрон мутациясы (толық геномды секвенирлеу бойынша зерттеу жүргізіліп, растау керек). Бұл нәтижелер COVID-19 індетінің қазіргі себебі стелс-омикрон вирусының бір түрі екенін көрсетеді», – деді санитария дәрігерлер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...