Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
20 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

ШҚО-да аюлар омартаға шабуыл жасап жатыр

Танымал

Ел аузында

ШҚО-да аюлар үй шаруашылығына шабуыл жасайтын жағдай жиілеп кеткен, – деп хабарлайды «Хабар 24» телеарнасы. 

Телеарна мәліметінше, аймақта аюлардың популяциясы өсіп жатыр. Мамандардың есебі бойынша облыста 3021 аю бар бар. Маусымда аюлар Степной ауылы маңындағы омарталарды төрт рет қиратқан, Топиха ауылында да осындай жағдай болған. Сарапшылар бұл жас жануарлар екенін, олар шамамен бір жасар екенін анықтаған.

Мамандардың айтуынша, аюлар бір жерден тамақ алуды әдетке айналдырса, оларды ол жерден аластау өте қиын екен. Сондықтан зардап шеккен шығыс қазақстандықтар мүлкі үшін ғана емес, өздерінің қауіпсіздігі үшін де алаңдап отыр.

Тұрғындар жануарды өлтірсе, заң бойынша жазаланатынына байланысты «оларға қарсы тұра алмаймыз ба?» деп алаңдайды.

«Бұл – қылмыстық жауапкершілік. Қазір омарташылар да, қалғандары да қорғансыз. Яғни, олар Америкадағы сияқты, өз меншігін қорғап, аюды, тіпті басқа жануарды өлтіруге құқығы жоқ», – деді Өскемен орман шаруашылығының аңшысы Сергей Осинцев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Созақ ауданында «Учаске» профилактикалық іс-шарасы жалғасуда

2025 жылғы 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығында Созақ ауданында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету...