Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
18 C
Almaty
26.3 C
Shymkent

Алакөлдегі өрттен 7 адам зардап шекті

Танымал

Ел аузында

Кеше Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шыққан еді.

Алакөлде 4 демалыс орны өртеніп, жеті адам зардап шекті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өртсөндірушілері, жергілікті атқарушы органдар, полиция қызметкерлері мен тұрғындардың бірлескен күшімен 5 шілдеде сағат 05.40-та өрт сөндірілді. Өрт 3000 шаршы метрге жайылды. 4 демалыс орны өрттен зардап шекті.

Медициналық көмекке жүгінген 7 адам тексерістен кейін ауруханаға жатқызуды қажет етпеді», – деді ТЖД.

Өрт орнына әкімдіктерден, Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінен, Полиция департаментінен, Тарбағатай ұлттық паркінен және Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаментінен 186 адам мен 29 техника жұмылдырылды.

Еске салайық, 4 шілдеде 23:20-да Үржар ауданындағы Алакөл көліндегі демалыс базаларының бірінде өрт шыққан еді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Благодарна народу Великой Степи

Уже завтра мы отметим удивительный праздник, в основе которого находиться такое моральное человеческое чувство как Благодарность.Огоромную благодарность казахскому народу,...