Мақпал Исабекова ұлына қандай есім бергенін жариялады. Айтуынша, тұңғыш баланың атын әкесі қойған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мақпал мен оның жолдасы кездесіп жүрген шақтарында болашақ балаларының есімдерін ойластырған. Күйеуі өзге ұлт өкілі болғандықтан, әнші болашақ перзентіне «Асқар, Азамат, Олжас» сынды қазақша аттар қойған ерсі болатынын түсінген.
«Бұл бір интернационалды және ерекше есім болуы керек екенін түсіндім. Бірақ күйеуімнің қиялының шегі мені қатты таңғалдырды. Ол біздің жеті бірдей баламызға ат ойлап қойыпты. Олардың ішінде мен білмейтін есімдер бар (өзі ойлап тапқан сияқты). Артық дау болмас үшін, ұл болса, атын ол қояды, ал қыз болса, мен қоямын деп келістік. Өйткені қызыма бұрыннан ойластырып жүрген есім бар еді», – деп бөлісті Исабекова.
Әнші жүктілігінің үшінші айында ұлды болатынын білген.
«Бірақ күйеуім тұңғышымызға ең жақсы ат ойлап тауыпты, онымен келіспесіме болмады. Оның мағынасына, айтылуына, сирек кездесетініне, қысқартылған нұсқасына ғашық болдым», – деді Исабекова.
Сонымен, әнші ұлын Теодор деп атаған. Ол «Құдайдың сыйы» деген мағынаны білдіреді.
«Теодор! Құдайдың сыйы! Тео! Тедди! Ол сөзсіз бізге көктен берілген сый. Альхамдулиллах. Құдай бере салған Құдайберген ғой», – деп түйіндеді сөзін әнші.
Айта кетейік, Исабекова өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шыққан еді. Ол 38 жасында алғаш рет ана атанды.