Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
20.3 C
Shymkent

Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай отшашу болмайды

Танымал

Ел аузында

Биыл Нұр-Сұлтанда Астана күніне орай отшашу болмайды. Бірақ қаланың 24 жылдығына орай концерттерден бастап спорттық фестивальдерге дейін ондаған түрлі іс–шаралар өткізіледі, деп хабарлайды елорда әкімдігі.

Астана күнінде қалада бірқатар әлеуметтік нысандардың (кезекте тұрғандарға пәтер кілттерін тапсыру), зауыттың, скверлердің, қоғамдық кеңістіктердің, 80-нен астам аула аумақтарының және т. б. ашылуы өтеді.

Сонымен қатар, осы күнге орай қаланың бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдары концерттер, спорттық турнирлер, көрмелер және т. б. ұйымдастырады.

1-6 шілде аралығында «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде «Елорда пейзаждары» атты арт-көрме жұмыс істейді. Біріккен музейлер дирекциясы мерекеге орай бірден бірнеше экспозиция ұйымдастырады: 1-8 шілде аралығында – «Ел тірегі – Елорда» көрмесі, 1-5 шілде аралығында – «Киелі менің Елордам» фотокөрмесі. 5 шілде күні «Әлем картасындағы жаңа елорда» ашық есік күні өтеді.

4-6 шілде аралығында Орталық саябақта «Mereke Street»қалалық мәдениет фестивалі өтеді.

5 шілде күні сағат 19:00-де филармонияның концерт залында «Әзіл әлемі» әзіл кеші ұйымдастырылады. Осы уақытта «Астана Опера» опера және балет театры «Шопениана» және «Шехрезада» күміс дәуірінің балеттерін ұсынады.

5 және 6 шілдеде «Колизей» спорт кеңістігінде «Отан Ана» монументінің жанында стритболдан «Nur Sultan Cup» турнирі ұйымдастырылады. 5-9 шілде аралығында «Астана Балет» театры «Орфей және Эвридика» балетінің премьерасына шақырады.

Астана күні, 6 шілдеде сағат 11:00-де Триатлон паркте «Elorda Tolqyny» спорттық жарысы басталады. Осы уақытта «Қазанат» ипподромында шабандоздар «Елорда кубогы» үшін бәйге түрлерінен бақ сынайды. Кешке, сағат 21:00 – де Амфитеатр сахнасында Ұлықпан Жолдасов «Ақ қанат-ақ құсым» бағдарламасымен өнер көрсетеді. Сағат 18:00-ден 22: 00-ге дейін «Астана-Арена» стадионының тұрағында дәстүрлі Open air «Халықпен бірге» өтеді. Сол күні кешке «Қазақстан» ОКЗ «Дос-Мұқасан» ансамблінің шығармашылығына арналған «Далам менің» концерті ұйымдастырылады.

8 шілдеде Амфитеатрда «Мен сені сүйемін, менің астанам» атты концерттік қойылым өтеді. «Барыс Арена» мұз сарайының жанында 12 сағаттық Open air «You Fest» шарасын өткізу 20 шілдеге ауыстырылды.

Айта кетейік, Астана күніне арналған іс-шаралар маусым айында басталды. Мәселен, Ермұрат Үсеновтың 70 жылдығына арналған «Өмір дастан» концерті, ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан «Елорда кубогы» халықаралық турнирі, көрмелер, сондай-ақ Ұлттық домбыра күнін мерекелеу ұйымдастырылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...