Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

Видади Нурузов «Елге қызмет ету әрбір қазақстандықтың борышы»

Танымал

Ел аузында

Қазақстан мемлекетінің тынышта бейбіт өмір сүруіне ықпал жасап, қауіпсіздігін қамтамасыз ету жалғыз қазақ емес, әрбір қазақстандықтың борышы. Ал бұл сөзді жете түсініп, еліміздің тыныштығын күзетуге елеулі қосып жүргендердің бірі Әзірбайжан ұлтының өкілі ТО ПД Сарыағаш аудандық полиция бөлімі Жергілікті полиция қызметі учаскелік полиция инспекторы полиция майоры Вивади Мазахимұлы Наурузов.
Видади осыдане 40 жыл бұрын Түркістан облысы Сарыағаш қаласында дүниеге келген. 9 жылдық мектепті Сарыағаш қаласында тәмамдаған. Содан соң Техникалық колледжде білім алып, түрлі мекемелерде қызмет атқарады. Алайда оның алға қойған мақсаты мүлде басқа болатын. Сол ойын жүзеге асыру үшін, ертерек шешім қабалыдап, 20 жасында әкесінің жолын қуып, ҚР ІІМ Алматы академиясына оқуға түседі.
– Әкем құқық қорғау саласында біраз жыл қызмет атқарып, зейнетке шыққан адам. Жастайымнан сол кісінің тәрбиесімен өскен соң, соған ұқсап менде полицей формасын кисем деп армандайтынмын. Әкем мен анамның туған жері Сарыағаш қаласы. Ал атам мен әжем Әзірбайжанда өмірге келіп, кейін Қазақстанға қоныс аударған. Міне сөйтіп осы елдің топырағына аунап өсіп, балалы-шағалы болып, Оңтүстіктің қазағына айналып шыға келдім.
Оқуды ойдағыдай бітірген жас маман көп ойланбастан туған жеріне қайтып оралып, құқық қорғау саласындағы алғашқы қызметін тергеуші болып бастады. Қашанда әділдікті туралап ұстайтын Видади үшін тергеу саласы оның қарым-қабілетін жетілдіре түсті. Алты жылдық тәжірибеден соң ол жергілікті полиция қызметінде кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік полиция аға инспекторы болып тағайындалды. Қазіргі учаскелік полиция инспекторы болып, қылмыстың алдын алып, болдырмау үшін аянбай еңбек етіп жүр. Алға қойған жоспарлары да ерекше. Арманы әлемді аралап, ең алдымен ата-бабасы жаййлаған Әзірбайжан мемлекетін көзімен көріп, Баку қаласына саяхаттау.
– «Әзірбайжанды әлі өзім көрген жоқпын. Алдағы уақытта осы қызметті абыроймен атқарып, туған жердің ұланы, Қазақстанның азаматы ретінде өз борышымды өтеп, зейнетке шыққан соң Каспийдің арғы бетіндегі таулы Қарабақты, Бакуды бір көріп қайтуды жоспарлап отырмын. Менің атам мен әжем де, анам мен әкем де бір ұлттың өкілі. Менде осы дәстүрді жалғастырып, болашақ жарымды өз ұлтымнан таңдап, шаңырақ көтердім. Бүгінде 13-ке аяқ басқан артымнан ерген бір ұлым бар»,-дейді полиция майоры.
Жасынан орысша хат танып, қазақ балалармен бірге ойнап өскен Мазахимның ұлы 3 тілді емін-еркін меңгерген. Жұмыс барысында орыс және қазақ тілінде қызмет көрсетуге дағдыланса, ал отбасында ана тілінде сөйлеседі. Мінеки нағыз полицияның сервистік моделін іске асыруға үлес қосатын білікті маман. Ендеше елге қызмет етуді азаматтық борышым деп түсінетін Видадидің қызметте зор абыройға ие болуына, алдағы күндері сәттілікке толы болып, жоспарлаған арман-мақсаттарының орындалуына тілекшіміз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...