Еуро бағамы 20 жылда алғаш рет доллармен теңесті

Танымал

Ел аузында

Еуро мен доллар соңғы 20 жылда алғаш рет теңесті. Биыл бірыңғай еуропалық валюта бағамы доллармен салыстырғанда 14%-ға, ал 2021 жылдың маусымымен салыстырғанда 17,8%-ға арзандады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Азаттық радиосына сілтеме жасап. 

Мәскеу қор нарығында еуроның рубльге шаққандағы бағамы доллардан да төмендеп кеткен. 

Еуропа валютасының арзандауына экономикалық құлдырауға байланысты алаңдаушылық себеп болып отыр. Сонымен қатар нарыққа Ресейден келетін газ да әсер етіп отыр. 

Қазір трейдерлер жазғы жөндеу жұмыстары аяқталған соң Ресей «Северный поток-1» газ құбырын мүлде қоспауы мүмкін деп алаңдайды. 

Ал доллар инфляциямен күресу кезіндегі АҚШ Федералды қор жүйесі ұстанған қатаң саясатының негізінде нығайып келеді. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждый вызов — важен: в Алматинской области усиливается служба скорой медицинской помощи

В Алматинской области активно ведётся работа по модернизации службы скорой медицинской помощи. Сегодня в регионе круглосуточно работают 147 бригад...