Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Алматылық кәсіпкерлер жаңа шектеу шараларыннан қорқатындарын айтты

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда ковид жұқтырғандардың саны артып, күніне 400-ден астам жаңа жағдайлар тіркелуде. Солардың көпшілігі қазір сары аймақта тұрған Алматы қаласында. Әзірге қызыл өңірлер жоқ болса да, кәсіпкерлер тағы бір карантиннің болуынан қорқатындарын және енді бұндай жағдайға кәсіптің шыдамайтынын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “КТК” арнасына сілтеме жасап.

Алматы қазір «қызыл» аймақтың алдында тұр. Мұнда күніне екі жүздей вирус жұқтырғандар анықталуда. Дәрігерлер вакцинацияға қарсы көрсетілімдері бар жұқтырған, жүкті және вакцина алмаған адамдармен байланысқа түскендерді қашықтық жүйесіне ауыстыруға кеңес береді. Сондай-ақ жабық бөлмелерде және қоғамдық көліктерде бетпердеде болуды ұсынды.

Осыған орай қорғаныс бетперделерді сату бір айда екі есеге өскен. Дәріханалардың бірінде күніне мыңнан астам дана сатып алынады.

“Қаулы қалай шықты, бетперденің саудасы да солай екі есеге артты. Алайда баға өзгерген жоқ. Бізде батперде 15 теңге тұрады. Қазір де сондай бағада сатылуда. Негізі олардың құнын біз қоймаймыз. Келуіне байланысты тағайындалады. Жақында бізге айтып кеткенімдей бір бетперденің құны 15 теңгеден келді”,- деді фармацевт Майя Буламидунова.

Ал кәсіпкерлер жаңа шектеулерден қорқуда. Ирина Лебедева ірі Алматы киноорталығын басқарады. Бизнесвумен былай егер қайтадан карантин енгізілсе, ондаған қызметкер жұмыссыз қалып, іс орны толмас шығынға ұшырайды.

“Біз қаржылық жағынан қатты қиналайын деп тұрмыз. Егер шектеулер қойса, әдеттегідей келушілер саны мен жұмыс уақыты қысқарады. Ал төленетін салықтардың мөлшері сол қалпында қалады. Мемлекеттен бұндай кезде еш қолдау болмайды”,- деді Ирина. 

Кәсіпкерлер Ashyq жүйесі мен карантин талаптарының барлығын сақтауға дайын, тек кәсіптерінің жабылмауын сұрайды. Оған қоса шектеу шараларын көбіне бұзатын келушілер екенін де жеткізді.

“Бізде қайта бағдаршам түстері басталса, жағдай қиындамақ. Мәселен біздің қоғамдық тамақтану саласында миллионға жуық қызметкерлер жұмыс істейді. Енді ойлаңыз тағы бір карантин болса, олар өздерінің төленбеген несиелерімен жұмыссыз қалады”,- деді Вероника Нұрпейсова.

Шенеуніктер кәсіпкерлерді байланысқа шектеулер болмайтынын айтып сендірді.

“Ashyq жүйесі тек қызыл аймақтағыларға өткендерге қолданылады. Мәселен аймақтағы ауруханадағы орындар 50-70 пайызға өссе, бұл денсаулық сақтаужүйесіне үлкен жүктеме болады”,- деді ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық бақылау басшысы Роза Қожапова.

Дәрігерлер егер денсаулығыңызды нашар сезінсеңіз, алдымен оқшаулануға, кейін аймақтық дәрігерге тексерілуге кеңес береді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...