Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
4.3 C
Shymkent

Сыныптасының атынан бірнеше рет несие рәсімдеген жас жігіт ұсталды

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Жас жігіттің айтуынша, өзінің танысы әбден сеніміне кіріп, оның атынан 850 000 теңге ақшалай, 1 105 000 теңгеге тауарлы несие рәсімдеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәртіп сақшылары осы қылмысқа қатысы бар күдіктіні ұстауға бағытталған шараларды жүзеге асырды. Олар хабарлама түскеннен соң, көп уақыт өтпей, сезікті жас жігітті қолға түсірді.
Анықталғандай, күдікті жәбірленушінің сыныптасы болып шықты. Сезікті жігіт «сенің банк шотыңа ағам ақша аударады» – деп, оның банк қосымшасын өзінің ұялы телефонына орнатып алған. Банк қосымшасы арқылы несиелер рәсімдеп, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері оңай жолмен олжалы болуды көздейтін алаяқтарға алданбауға шақырады. Қандай таныс болса да, күмәнді қызметтермен сенімге кіретіндерден сақ болыңыздар. Өзіңіздің жеке шот нөміріңіз бен төлқұжаттарыңызды бермес бұрын, оның сенімді адам екендігіне көз жеткізуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...