Қазақстанда 10 шілдеде ұзақ уақыттан бері алғаш рет COVID-19 белгілері бар, алайда ПТР-тесттің теріс нәтижесі шыққан науқастың өлімі тіркелді. Ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігі растады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирус инфекциясы бойынша ұсынған статистикасында көрсетілмеген. Алайда коронавирус пневмониясынан өлгендер саны 1 адамға көбейген.
Министрлік ақпаратты растаған. Сондай-ақ тәулік бойынша статистиканы жасау кезінде қателік кеткенін, мұны түзейтінін мәлімдеген.
Ведомствоаралық комиссияның деректеріне сәйкес, COVID-19 жұқтырған науқастардың бірінің жағдайы ауыр деп бағаланған. Ол өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған.