Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

16.2 C
Nur-Sultan
16.7 C
Almaty
16.2 C
Shymkent

Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне ескерту жасады

Танымал

Ел аузында

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусинге ескерту жасады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында Тоқаев цифрландырудың жалпы баяу жүріп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Үкімет ұлттық деректер банкінің жұмысының созылып кету себептері туралы ақпаратты уақытында біліп отыруы керек. Менің ойымша цифрландыру баяу жүріп жатыр, жұмыс қанағаттанарлық емес. Мен есеп комитеті сынға алған «Зерде» ұлттық холдингінің жұмысын жақсартуды тапсырдым. Премьер-министр цифрландыру кураторы ретінде бұл мәселеге ерекше назар аударғаны жөн. Мен ифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министріне ескерту жасаймын. Менің ойымша, сіз қанағаттанарлық емес жұмыс жасап, премьер-министрдің сенімін ақтамай тұрсыз», – деді Президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің үш мүшесі сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов пен ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеевке республикадағы қант тапшылығына байланысты жағдай үшін сөгіс жариялаған болатын.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевке – киіктерді атуды ұсынғаны және әуре-сарсаңға салғаны үшін де сөгіс жарияланды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Әлия Молдағұлованың 100 жылдығына арналған тағылымды шара өтті

2025 жылдың 8 мамыр күні Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылындағы «Ә.Молдағұлова атындағы орта мектеп» қабырғасында Кеңес Одағының Батыры,...