ТҮРКІСТАНДА «ҚАУІПСІЗ ЖОЛ»: ЖОЛ ЕРЕЖЕСІН БҰЗҒАН ЖҮРГІЗУШІЛЕР АНЫҚТАЛУДА

Танымал

Ел аузында

Түркістан қаласында жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 10-12 тамыз аралығында республикалық «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
Іс-шара аясында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзған жүргізушілерді анықтап, тиісті шаралар қабылдауда. Атап айтқанда, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефон пайдаланған және қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерге қатысты шаралар көріледі.
Сонымен қатар тәртіп сақшылары жүргізушілермен профилактикалық түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, көлік басқару кезінде барынша мұқият болу қажеттігін ескертуде.
Жол қауіпсіздігі – әрбір жол қозғалысына қатысушының ортақ жауапкершілігі.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТАҢҒЫ 7:00-ДЕН ҚЫЗМЕТ СОҢЫНА ДЕЙІН: ПОЛИЦИЯ ОТБАСЫНЫҢ БІР КҮНІ

Таңғы уақыт. Бір шаңырақта екі полицей қызметке дайындалады. Бірі – тергеуші, екіншісі – отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу инспекторы. Олардың...