Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
5 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Жалған мүгедек болып, арбаға таңылып, қайыр сұраған шымкенттік ер адам анықталды

Танымал

Ел аузында

Жетісай аудандық полиция бөлімінің учаскелік полиция инспекторлары қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп, заңсыздықтарға жол бермеу, орталық көшелердегі адамдар көп келетін орындар мен базар маңында қайыршылықпен айналысып жүргендерді анықтау мақсатында, бақылап, қадағалау жұмыстарын жүргізді.

Мәселен осындай кезекті тексеріс кезінде полиция майоры Еламан Абишев, қайыршылықпен айналысуды әдет еткен 3 тұрғынды анықтап, оларға ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабымен «Қоғамдық орындарда тиісу» хаттама толтырды. Аталған құқық бұзушы 3 ер адамның екеуі жергілікті, біреуі Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Олар орталық базарда қайыршылық жасап жүрген. Бұдан алдын тәртіп сақшыларымен ескерту де берілген. Сонымен қатар жұртқа алақан жайып, қайыр сұрап отырған шымкенттік ер адамның мүгедектер арбасында отырғаны жай көзбояушылық екені белгілі болды. Яғни тексеру кезінде оның өз аяғымен жүре алатыны анықталды.

Қоғамдық орында өзінің бас пайдасы үшін тәртіпсіздікке жол беріп, осындай заңсыз әрекеттерге баратындарға Заң бар. Қол-аяғы сау бола тұра, жеңіл жолмен ақша табуға әдеттенгендерге алданбаңыз. Сондықтан табысыңызды қайырымдылыққа аудармас бұрын, «кімге» аударып, ол ақшаның не мақсатта жұмсалғалы жатқанына мән беріңіз!

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...