Косово серб құжаттарына тыйым салу мерзімін кейінге шегерді

Танымал

Ел аузында

Косово билігі ЕО және АҚШ елшілерімен кеңескеннен кейін серб құжаттарына тыйым салу процедурасын 1 қыркүйекке шегерді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі REUTERS агенттігіне сілтеме жасап.

Аймақтың солтүстігіндегі наразылық шерушілер тосқауылдарды бұзуға, жолдарда толық еркін қозғалысты қамтамасыз етуге шақырылып, аймақтағы жағдайдың ушығуына Сербия билігін айыптады.

Өз кезегінде НАТО-ның «Косово үшін күштер» миссиясының (KFOR) өкілдігі тараптар арасындағы келіссөздерді жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

«Косовоның солтүстік муниципалитеттеріндегі жалпы қауіпсіздік жағдайы шиеленісіп жатыр. НАТО жетекшілік ететін KFOR миссиясы жағдайды мұқият бақылап отыр және [аймақтағы] тұрақтылыққа қауіп төнген жағдайда араласуға дайын», – делінген Twitter-де жарияланған KFOR коммюникесінде.

Еске салайық, жексенбіде Сербия президенті Александр Вучич Косово полициясы түн ортасында сербтерге қарсы әскери операция бастайтынын мәлімдеген болатын. 1 тамыздан бастап серб құжаттары Косовода өз күшін тоқтатуы керек болған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

B2B Way Club запускает онлайн и офлайн-встречи между казахстанским бизнесом и международными производителями

В рамках подготовки к международной выставке HomeTech & Electra 2026 проект B2B Way Clubразвивает несколько направлений работы, которые помогают казахстанскому бизнесу заранее...