Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Сарыағаштық полицейлер пәтерден ақша ұрлаған ұрыны ұстады

Танымал

Ел аузында

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын пәтер ұрлығы жөнінде шағым түсірді. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, оның үйіне белгісіз біреу кіріп, жатын бөлмесінде тұрған 1 500 000 теңге ақшасы мен 600 АҚШ долларын ұрлап кеткен. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді.

Ұрлықты ашу мақсатында сарыағаштық тәжірибелі полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылды. Жедел уәкілдер қажетті іс-шаралар кешенін жүргізіп, жақын маңдағы аумақтарды аралап, куәлардан сұрастырды, сондай-ақ бейнебақылау камераларын тексерді. 3 күн бойы жан-жақты жинақталған мәліметтер мен табылған айғақты заттарды саралай келе, тәртіп сақшылары қылмысқа күдікті ретінде жергілікті тұрғынды ұстады.

Белгілі болғандай, үй ұрысы жәбірленушінің үйіне түнгі уақытта терезе арқылы кіріп, ақшаны жымқырып кеткен. Сондай-ақ күдікті өзгенің ақшасын бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі уақытта күдікті жас жігітке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қырағы болу және өз үйлерін қараусыз қалдырмау қажеттігін ескертеді. Үйден аз уақытқа шықсаңыз да сыртқы есіктер мен терезелерді мықтап бекітіп жүріңіз.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...