Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

5 C
Nur-Sultan
7 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Павлодарда депутаттар 17 көшенің атауын қазақшалауды мақұлдады

Танымал

Ел аузында

Павлодарда облыстық мәслихат депутаттары 17 көшенің атауын өзгертуді мақұлады. 2021 жылы сәуірде 30-ға жуық көшенің атауын өзгерту мәселесі бойынша қоғамдық тыңдау өткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл кезде әкімдік өкілдері 2019-2021 жылдары көше атауларын ауыстыруға қатысты бірнеше өтініш келіп түкенін мәлімдеген. Бірнеше күннен соң атауы өзгертілетін көшелер саны 23-ке дейін азайған. 

Ал республикалық ономатика комиссиясы 17 көшенің жаңа атауын бекітті. Алайда атау өзгертуге қатысты мораторий мен қаңтар оқиғасына қатысты бұл процесс кейінге қалдырылған. 

8 тамызда облыстық мәслихат сессиясында көше атауын ауыстыру сұрағы көтерілді. Нәтижесінде депутаттар 17 көшенің атауын өзгертуді қолдады:

– Мира көшесін Олжабай батыр деп өзгерту;

– Урицкий көшесін Генерал Смағұлов деп өзгерту;

– 1-Южная көшесін Бірлік деп өзгерту;

– 2-Южная көшесін Кәукен Кенжетаев деп өзгерту;

– Парковая көшесін Мұқағали Мақатаев деп өзгерту;

– Донецкая көшесін Мағжан Жұмабаев деп өзгерту;

– Кубанская көшесін Қалмұқан Исабай деп өзгерту;

– Совхозная көшесін Рафиқа Нұртазина деп өзгерту;

– Таганрогская көшесін Қазанғап би деп өзгерту;

– Ангарская көшесін Нағымбек Нұрмұхаммедов деп өзгерту;

– Читинская көшесін Аманжол Шәмкенов деп өзгерту;

– Декабристов көшесін Қамар Қасымов деп өзгерту;

– Юннатов көшесін Дихан Әбілев деп өзгерту;

– 1-Советов, 2-Советов көшелерін Генерал Бәкіров деп өзгерту;

– Зыряновская көшесін Қабдыкәрім Ыдырысов деп өзгерту;

– Саянская көшесін Алма Әжібаева деп өзгерту;

– Лесная көшесін Ағайынды Дүйсембиновтер деп өзгерту.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Қызылордада визажист пробация есебіндегі азаматшаларға макияж жасауды үйретіп, сертификат табыстады

Қызылорда облыстық Жастар ресустық орталығында  визажист  Серік Арайлым қыз-келіншектерге  тегін шеберлік сабағын өткізді. Бұл шараға Қызылорда қалалық пробация есебіндегі...