Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Түркістан полицейлері тұрғынның сөмкесін тауып алғыс алды

Танымал

Ел аузында

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын арызданды. Жәбірленуші әйелдің айтуынша, ол түскі сағат 12:00 шамасында жұмыс орнынан шығып, үйіне жету үшін аялдамадан жолаушылар көлігіне мінеді. Содан діттеген жеріне келіп, автобустан түскенде қолсөмкесінің көлікте қалып қойғанын көреді. Осылайша әйел сөмкесін іздеп таба алмаған соң полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Сөмкеде өзіне тиесілі құжаттары болған. Аталған жайтты түркістандық полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабы « Ұрлық» бойынша тіркеді.
Осы оқиғаға байланысты тәжірибелі тәртіп сақшылары жұмылдырылып, жедел іздестіру шараларына кірісті. Полицейлер жәбірленушіден, куәлардан жауап алып, күдіктінің жеке-басын, тұрғылықты мекенжайын анықтады. Тәртіп сақшылары шұғыл әрекет етіп, тәулік ішінде күдіктіні ұстады. Ол жергілікті тұрғын болып шықты.

Белгілі болғандай, жәбірленушімен бірге көлікте отырған жолаушы әйел жеңіл жолмен ақша тапқысы келген. Содан жәбірленушінің сөмкесінің қалып кеткенін көріп, оны білдіртпей жымқырған. Ұсталған әйелден сөмке тәркіленіп алынып, заңды иесіне қайтарылды.

Өз кезегінде тәртіп сақшыларының атқарған қызметтеріне риза болған тұрғын полицейлерге алғысын айтты. «Мен сөмкемді жоғалтып алдым. Содан соң өзім іздедім. Бірақ таба алмадым. Ал полицейлер бірден тауып берді. Жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Үлкен рақмет!»-деп, шынайы ризашылығын білдірді.
Түркістан облысының полицейлері азаматтарға қоғамдық орындарда бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар, үйлеріңізді аз уақытқа шықсаңызда құлыптап жүріңіздер деп кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR Қазақстанда ИИ-агенті бар әлемдегі алғашқы өзін-өзі дамытатын MagicOS 10 операциялық жүйесін іске қосты

Жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесіндегі жетекші жаһандық бренд HONOR Қазақстанда MagicOS 10 операциялық жүйесінің іске қосылғанын жариялады. Жаңа нұсқа HONOR Magic жәнеHONOR 400 сериялы құрылғыларда қолжетімді, ал алдағы үш ай ішінде жаңартуды басқа модельдер де алады. MagicOS 10 әлемдегі алғашқы ИИ-агенті бар, өзін-өзі дамытуға қабілетті операциялық жүйе, ол адам мен технология арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа дәуірін ашады. Қазақстандағы іске қосуHONOR компаниясының өңірге стратегиялық мән беретінін және озық инновацияларды бүкіл әлем пайдаланушыларына қолжетімді етуге ұмтылысын көрсетеді. MagicOS 10 дәстүрлі операциялық жүйелерден AI OS дәуіріне өту кезеңіндегі нақты қадам, яғни құрылғылар тек құрал емес, адаммен бірге үйреніп, дамитын интеллектуалды көмекшіге айналатын жаңа парадигма. Бұл қадам HONOR-дың жаһандық көзқарасын айқындайды: технологиялар пайдаланушы өміріне табиғи түрде интеграцияланып, жайлылықты, өнімділікті және қауіпсіздікті арттыруы тиіс. HONORкомпаниясының бас...