Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.8 C
Nur-Sultan
27.5 C
Almaty
32.1 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері велосипед ұрлаған жас жігітті ұстады

Танымал

Ел аузында

Түркістан ҚПБ-ға жергілікті тұрғын «Урал» маркалы велосипедінің ұрланғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші тұрғынның айтуынша, оның үйінің ауласының алдында тұрған велосипедін белгісіз біреу жымқырып кеткен. Оқиға орнына бірден учаскелік инспекторлар келіп, ұрыны іздеуге кірісті.

Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді. Жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде күдікті ретінде жас жігіт ұсталды.

Белгілі болғандай, күдікті жымқырған велосипедті Шымкент қаласының тұрғынына сатқан. Бүгінде ұрланған велосипед тәркіленіп алынып, заңды иесіне тапсырылды.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері азаматтарға велосипед ұрлығынан қорғанудың жалғыз кепілдендірілген әдісі – велосипедті қараусыз қалдырмау екендігін ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...