Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз

Танымал

Ел аузында

Тәуелсіздік мерекесіне орай Алматы қаласы ҚАЖ департаментіне қарасты №11 мекемеде (№3ЖББМ КММ) химия пәнінің мұғалімі Г.Б.Куренбаеваның ұйымдастырумен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Іс шараға Алматы қаласы Алатау ауданының Заря-Восток мешітінің бас имамы Ахметов Қазбек Пазылбекұлы жазалы жасөспірімдерді Тәуелсіздік мерекенің 34 жылдығымен құттықтап, жазалы жасөпірімдерге жылы киімдер, аяқ киімдер т.б сыйлықтар тарту етіп, және мерекелік үстелге тәтті палау, жеміс-жидектер ұйымдастырып берді.

Желтоқсан оқиғасы нәтижесінде бабаларымыз армандаған тәуелсіздікке қол жеткізгенімізді,осы жолда талай боздақтың шейіт болғандығын, еліміз үшін аянбай еңбек етуді, Отанды сүюді білім алушылар бойына патриоттық қасиет ретінде сіңіруі-басты мақсат. Тарихи маңызды зор бұл мереке әрқайсысымыз үшін ешқашан ұмытылмайтын, жүрек сыздай еске алатын ызғарлы күндер болып қала бермек. Яғни,39 жыл бойы аталып келе жатқан бұл күн-қасиетті күн!

Іс шара соңында САӘПТЖБ бастығы әділет капитаны Джарылкасова Шолпан Айболатовна келген қонақтарға мекеме бастығының  атынан алғыс хаттармен марапаттады.

                                                                                     №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

“ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ЕЛДЕ ТУҒАНЫМА МАҚТАНАМЫН”

Отан үшін жасалатын қызметтің қашанда орны ерекше. Татулығы жарасқан еліміздің өркендеуі жолында Түркістан облысы полиция Департаменті Мақтаарал аудандық полиция...