Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.3 C
Nur-Sultan
19.9 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайы мен жалақысы көрсетіледі: Қазақстанда қыркүйектен бастап отбасы картасы іске қосылады

Танымал

Ел аузында

Қыркүйектен бастап Қазақстанда 6 миллион әулетке қатысты ақпарат енгізілетін отбасының цифрлы картасы іске қосылады. Яғни 19 миллион 200 мың ел азаматының барлық мәліметі, нақтырақ айтсақ, әлеуметтік жағдайы, жалақысы, мемлекеттен алынатын жәрдемақылары толығымен көрсетіледі, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап. 

Шенділер цифрлы картаны енгізудегі негізгі мақсат әлеуметтік осал санаттағы азаматтарға өтінішсіз көмек беру екенін айтады. Ол үшін 24 түрлі мемлекеттік органның мамандары халықтың әлеуметтік жағдайын 5 түрлі баға арқылы тексереді. Көмекке мұқтаж деп танылған адамдарға SMS хабарлама келеді. Артынша азаматтарға жәрдемақы тағайындалады.

Айта кетейік, отбасының цифрлы картасы 10 түрлі мемлекеттік кепілді жәрдемақыны алатындарға тікелей қатысты. Ал атаулы әлеуметтік көмек тек комиссия шешімімен беріледі.

“Отбасының жағдайын анықтау үшін 24 ақпараттық интеграцияланған жүйе пайдаланылады. Олардың мәліметтері негізінде отбасының құрамы автоматты түрде айқындалады. Карта адамдарды экономикалық, әлеуметтік және тұрғын үй жағдайлары, денсаулығы, білімі бойынша бағалайды және отбасыларды 5 санат бойынша бөледі”, – деп мәлімдеді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басқарма басшысы Әсия Құрманқұлова. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...