Несиеңді жауып беремін деп алаяқтық жасаған ер адам ұсталды

Танымал

Ел аузында

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның танысы «3 000 000 теңге несиеңді жауып беремін» – деп, әбден сеніміне кіріп, одан 380 000 теңге ақшасын алған. Арада 5 айдан аса уақыт өтсе де, берген уәдені орындамаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды.
Тәжірибелі тәртіп сақшылары алаяқтық қылмысын ашу үшін қажетті жұмыстардың барлығын жүзеге асырды. Олар жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде, аталмыш қылмысқа қатысы бар бұрын сотты болған күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер ер адамды Полиция басқармасына жеткізді.

Белгілі болғандай, күдікті мен жәбірленуші ауылдастар. Күдікті жәбірленушінің бірнеше банкте берешегі барын білген соң, таныстары арқылы көмектесе алатынын айтқан. 3 000 000 теңге берешекті, бар-жоғы 380 000 теңгеге ертесі күнгі кешке дейін жабылатындығын айтып, оның жеке куәлігінің көшірмесімен қоса алып кеткен. Алған ақшаны жаратып жіберген. Қазіргі таңда оған қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері күмәнді қызмет ұсынатын таныс және бейтаныс адамдардан сақ болуды ескертеді. Сонымен қоса, өзіңіздің жеке құжаттарыңызды бермеуге кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...