Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

2 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
19.3 C
Shymkent

Түркістан облысында мас халде көлік басқарған тұрғын анықталды

Танымал

Ел аузында

Бәйдібек АПБ-нің қызметкерлері аудан бойынша қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, қылмыстың алдын алу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу мақсатында рейдтік-профилактикалық жұмыстарды үзіліссіз, күні-түні атқаруда. Осындай іс-шараның бірі «Қауіпсіз жол», яғни жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 1 айға жоспарлы түрде ұйымдастырылуда.

Аталған іс-шараның кезекті тексеруі кезінде Бәйдібек АПБ ЖПҚ учаскелік полиция инспекторы полиция лейтенанты Заманбек Жәнібекұлы, өзіне бекітілген аумақта, яғни Шалдар ауылы көшесінің бойында бағытынан ауытқып келе жатқан, жүрісі күмәнді көлікті тоқтатады. Аталмыш «ВАЗ-24014» маркалы автокөлікті тексеру кезінде, автокөлік жүргізушісінің іс-әрекетінен мас халде екеніне күдік туындап, оның мастық күйін анықтау үшін медициналық куәландырудан өткізу жұмыстары жүргізілді. Сараптаманың қорытындысы бойынша жүргізушінің «орта дәрежелі» мас екені анықталды.

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ӘҚБтК 608-бабы «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша тіркеді. Қазіргі таңда учаскелік полиция қызметкері аталған жайтқа байланысты іс-құжаттарды жинақтауда.

Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері жүргізушілерге автокөлікке мас халде отырмаңыздар, бұның соңы жазатайым оқиғалар мен өлімге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді. Сондай-ақ қашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтап, жылдамдықты асырмай, қарсы жолаққа шықпай көлік тізгіндеңіздер деп кеңес береді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жизни более 100 человек помогли сегодня спасти жители города Конаев

Сдать кровь – это доброе дело особой категории, которое поможет кому-то вылечиться, кому-то спасет жизнь, сделать его может каждый,...