Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Тележүргізуші Анна Данченконың әкесі қайтыс болды

Танымал

Ел аузында

Танымал тележүргізуші Анна Данченко отбасындағы қаралы хабарды жеткізді. Ол әкесінің қайтыс болғанын хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі. 

«Әкемізбен ертең қоштасамыз. Алматыға жаныма көшіріп алып келем дегенде асқар тауымнан айырылдым», – деп бөлісті Данченко. 
Айтуынша, әкесі ұзақ уақыт бойы ауырып, қиналған.

«Әкем тыныш қана, ұйықтап жатып кетіп қалды. Далаға небәрі 5 минутқа шығып кетіп едім. 

Ол ұзақ уақыт бойы ауырды, қиналды. Бірақ әркез мен үшін уайымдап, жұмыстан күтіп отыратын. Жаны ауырса да, күлімсірейтін. Менің жаным одан жүз есе ауырды, бірақ өзіне ешқашан білдірген емеспін. Қазір жаның тынышталды деп сенемін. Тыныш ұйықта, әке», – деп жазды тележүргізуші. 

Анна Данченко мен оның отбасына қайғырып көңіл айтамыз.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам құруға бағытталған тиімді цифрлық құрал

«Заң және тәртіп» цифрлық сервисі – халық пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтатын заманауи жоба.Бұл сервис азаматтарға құқық қорғау...