Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Полицейлер профилактикалық жұмыс жүргізді

Танымал

Ел аузында

«Полиция – жазалаушы орган емес, қорғаушы орган», осы қағиданы ұстанатын Түркістан облысының полицейлері үнемі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық жұмыстарды жүргізеді.

Мәселен күні кеше Түркістан облысы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков бастаған полицейлер, Шымкент-Түркістан тас жолы бағытында жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын ұйымдастырды. Республикалық маңызы бар бұл трасса, көліктер көп жүретін аумақ. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұнда көбіне тұрған көліктерді жанынан соғып кету жайттары орын алған. Сондықтан 1 айға жоспарланған «Қауіпсіз жол» іс-шарасы кезінде полицейлер жүргізушілермен тілдесіп, жол қозғалысы ережелерін мұқият ұстануға шақырды. Полиция полковнигі А.Тастанбеков: «Облысымызда жол көлік оқиғаларының бірінші себебі, жылдамдықты шамадан тыс асырудан болады. Оған маневр жасауды, қарсы бағытқа шығуды, үй жануарларының қатысуымен болатын жол апаттарын қосыңыз. Осындай олқылықтардың алдын алуда біз бірінші кезекте ескерту мен түсіндіруді қолға алдық. Яғни әкімшілік хаттама толтырудан бұрын, профилактикаға мән берудеміз. Әрбір тоқтатқан көліктегі жүргізушілерге жол ережесін сақтауды айтып, жаднамалар таратудамыз»-деп атап өтті. Полицейлер тарапынан түсіндіру шаралары жүргізілгенімен, жол ережесін өрескел бұзған 30 000-нан астам жүргізушіге тиісті жауапкершілігі қаралған. Яғни «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған құқық бұзушылықтар саны да аз емес деген сөз. Сондықтан, құрметті жүргізуші! Жол ережесін сақтаңыз, сізді үйіңізде жанұяңыз күтіп отыр.


Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...