Алматыда тұрғын үйдің 25-қабатынан секірген қыз туралы көршілері айтып берді

Танымал

Ел аузында

Алматыдағы Розыбакиева көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінің 25-қабатынан секіріп кеткен бойжеткен туралы көршілері мәлімет берді. Олардың айтуынша, қыз өте сабырлы, ұстамды болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Отырар” порталына сілтеме жасап.

Көршілерінің айтуынша, қыз жалғыз тұрған, оған ешқандай шағымдар болмаған. Ол ешкіммен ұрыспаған және сабырмен, өте жайлы өмір сүрген. Оқиға барысында куәгерлер қызды қарсы ғимараттан көрген кезде секіруден бас тартуын сұрағандарын айтты. Алайда бойжеткен біреуге дауыстық хабарлама жолдаған соң, артына бұрылып, өзін балконнан лақтырып жіберген.

Көршілерінің айтуынша, қыз Шымкент қаласының тумасы, Алматыда жалғыз пәтер жалдап тұрған.

«Бостандық аудандық полиция бөлімінде «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайы мен себебі анықталуда», – деді Алматы қалалық полиция департаменті.

Еске салсақ, Алматыда бойжеткен 25-қабаттан секіріп кеткен болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Психикалық денсаулық саласы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер

Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Алимбек Тәжеков өңірдегі қызметтің дамуы мен болашақ жоспарлар туралы әңгімелейді. — Әлімбек Мұхтарұлы, өзіңіз...