Қостанай облысында шаруаларға субсидия ретінде бөлінген 484 млн теңге ұрланды

Танымал

Ел аузында

Сот үш адамды кінәлі деп тапты.

Қаржы мониторингі агенттігінің Қостанай облыстық департаменті мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 484 млн теңге бюджет қаражатының жымқырылғанын анықтады, – хабарлайды Skifnews порталы.

Агенттіктің ақпаратынша, ақша шаруа қожалықтарына күн энергиясын пайдаланып құдықтардан су көтеретін құрал-жабдықтар сатып алуға субсидия ретінде бөлінген.

Сот үш адамды кінәлі деп тапты. Іске қатысы бар бір адам 5 жылға, қалғандары 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Ведомство сотталғандар жазасын «орташа қауіпсіздіктегі қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесінде» өтейтінін атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...