Қазақстанда онлайн микро несие беру тәртібі күшейтілді

Танымал

Ел аузында

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі онлайн-микрокредиттер берген кезде қарыз алушыларды идентификаттау тәртібін күшейтті, деп хабарлайды КТК арнасы. 

«Енді онлайн-микрокредит беру үшін микрокредит беруші мынадай үш тәсілдің бірімен клиентке индентификаттау жүргізуге міндетті. Яғни, электрондық цифрлық қолтаңба арқылы, Ұлттық банкінің Сәйкестендіру деректерін алмасу орталығының сервисі арқылы қарыз алушыны биометриялық идентификаттау және қарыз алушының дербес деректерін екіфакторлық тексеру және бейнелеу арқылы.Сонымен бірге, биылғы қаңтардан бастап микроқаржы ұйымдары клиент көрсеткен абоненттік нөмірді мобильді байланыс операторларының деректерімен салыстырып тексеруді жүзеге асыруға міндетті», – делінген хабарламада.

Айта кетсек, берешектің бар-жоғын тексеру үшін әрбір азамат «Мемлекеттік кредиттік бюро» АҚ-тан мына мекенжай бойынша және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС-дан өзі туралы кредиттік есепті сұрата алады7

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тазабек Сәмбетбай: Конституцияның жаңа жобасы: білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

(Білім мен ғылым – жаңа Ата заңдағы басты басымдық) Елімізде ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы қоғамның түрлі саласына тың өзгерістер әкелуді көздейді....