Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

Полицейлер «Қорғау» жүйесі арқылы 5 тәулікте 1300-ге тарта көлік жүргізушілеріне түсіндірме жүргізіп, 45 көлікті айыптұраққа қойды

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең көлемді жиын өтті. Оған қалалық, аудандық Полиция басқарма, бөлім басшылары бейнеселекторлық режимде қатысты.Текст:

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Бағланбек Айтпаевтың төрағалығымен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кең көлемді жиын өтті. Оған қалалық, аудандық Полиция басқарма, бөлім басшылары бейнеселекторлық режимде қатысты.

Мұндағы негізгі мақсат – «Қорғау – қауіпті жүргізуші!», «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы мен алдағы уақытта жол апатын азайту бағытында атқарылатын жұмыстарды талқылау, нақты тапсырмалар бойынша жүйелі жұмыс жүргізу болып табылады. Аталған іс-шара кезінде Полиция құрылымдарының басшыларына бірінші кезекте: тіркеуде жоқ, айыппұлын төлемей жүрген және жалған мемлекеттік белгіні тағып жүрген автокөліктерді анықтау, жүргізушілердің жауапкершілігін қарау, халыққа барынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу жөнінде нұсқама берілді. Яғни «Қорғау» жүйесіне енгізілген тізімге сәйкес профилактикалық жұмыс жүргізу тапсырмасы жүктелді. Осы бағытта Түркістан облысы ПД Жедел басқару орталығындағы полицейлер бірден қызметке кірісті. Нәтижесінде 5 тәулік ішінде патрульдік полиция батальоны қызметкерлеріне 1297 автокөлікке қатысты бағыт-бағдар беріп, көліктердің жүрген жерлерін жеткізді. Ал тәртіп сақшылары аталған көліктердің 1252-сіне түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 45 автокөлік анықталып, айыптұраққа қойылды. Сонымен қатар іс-шара кезінде 4 жүргізушінің автокөлікті мас халде басқарғаны анықталды. 1 көліктің мүлдем іс құжаты болмаса, 2 көлік мемлекеттік тіркеу нөмірін тақпай жүргені бойынша жауапқа тартылды. Осылайша Түркістан облысы ПД-ға басшылық лауазымға келген полиция полковнигі Б.Айтпаевтың бастамасымен, түркістандық полицейлер 1300-ге тарта көлік жүргізушісіне түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, ескертпе қағаздарын таратты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...