Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

1 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
21.3 C
Shymkent

Қазақстанда ақбөкендерді спорттық мақсатта аулауға рұқсат етілуі мүмкін

Танымал

Ел аузында

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ақбөкендердің санына қатысты сұраққа жауап берді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берген министр, Қазақстандағы ақбөкен санының шамадан тыс өсуіне қатысты әлі нақты шешім қабылданбағанын айтты.

«Халық жолдаған ұсыныстарды қарастырып жатырмыз. Яғни, ақбөкендерді басқа аймақтарға мәжбүрлеп көшіру мәселесі. Көбісі басқа облыстарға көшірейік деді. Бірақ, өкінішке орай, ғылыми қоғамдастық бұл шешімді тиімсіз және рұқсат етілмеген әдіс деп таныды», – деді министр.

Бекешевтің айтуынша, халық жіберген ұсыныс арасында қасқырлар санын көбейту туралы ұсыныс болған, бірақ бұлақбөкендер санының азаюына көмектеспейді.

Сонымен қатар, министр 2023 жылға қарай спорттық-әуесқойлық аң аулауды ұйымдастыру мәселесі қарастырып жатқанын айтты.

«Бұл ақылы болады. Бұған дейін ақбөкен Қызыл кітапқа енбегені айтылған болатын. 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін аң аулауға тыйым салынды. Ал бұл мәселе қарастырылып жатыр. Қазан айының соңына дейін бір шешімге келеміз», – деп қорытындылады Брекешев.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы торжественно открыт молодежный лагерь «Jas Camp 2024»: новые возможности для будущих лидеров

9 сентября 2024 года, в честь празднования Дня города, прошло торжественное открытие молодежного лагеря «Jas Camp 2024». В этом году...