Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
2.3 C
Shymkent

«Қатерлі ісік үкім емес»: алматылық дәрігер скринингтің маңызы жайлы әңгімелеп берді

Танымал

Ел аузында

Онкологиялық сырқат көп жағдайда біраз уақытқа дейін ешқандай белгі бермейді, оның қауіптілігі де осында. Әдетте ауру симптомдары үшінші немесе төртінші сатыда ғана біліне бастайды. Сондықтан қатерлі ісіктің алдын алу мақсатында жоспарлы скринингтерден уақтылы өтіп тұру қажет, дейді Алматы онкологиялық орталығының клиника-диагностика бөлімі меңгерушісі Нәйля Ақжолова.

Айтуынша, қатерлі ісік ұзақ уақыт бойы қалыптасып жетіледі. Сол себепті ерте анықталған жағдайда аурудың асқынуына жол бермей, уақтылы ем-дом жасауға мүмкіндік бар.

«Ең алдымен, дер кезінде жасалған диагностика обырды бастапқы сатыда анықтап, науқасты емдеп жазуға мүмкіндік беретінін айтқым келеді. Бастапқы сатысында қатерлі ісіктен құлан-таза айығып кетуге болады, – дейді маман. – Ал үшінші, төртінші сатыда ем-домның ауыр түрлері, химиотерапия, радикалды операциялар қолданылады. Ісікпен кішігірім кезінде, пайда болған кезде күрескен жеңіл, үлкейіп кеткенде ол пациент өміріне қауіп төндіреді».

Тиімділігі дәлелденген скрининг түрлері:

  • 40 пен 70 жас аралығындағы әйелдерді сүт безі обырына мамографиялық скринингтен өткізу – 2 жылда 1 рет;
  • 30 бен 70 жас аралығындағы әйелдерді жатыр мойны обырына цитологиялық скринингтен өткізу – 4 жылда 1 рет;
  • 50 мен 70 жас аралағында қан арқылы, колоноскопия әдісімен тоқ ішек/тік ішек обырына тексеру – 2 жылда 1 рет;

Осы жылдың 6 айында Алматы қаласы бойынша 2363 пациенттен қатерлі ісік анықталып, диспансерлік есепке алынған. Құрылымдық тұрғыдан алғанда бірінші орында сүт безі обыры, екінші – колоректалды обыр, үшінші – өкпе обыры, төртінші орында – асқазан обыры тұр.

Естеріңізге сала кетсек, тұрғындар скринингтен тіркелген емхана арқылы өтеді. Скринингке учаскелік медбике шақыруы тиіс. Жоспарлы тексеруден өтетін жасқа жеткен азаматтар емханаға өздері хабарласса да болады. Сонымен қатар, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекстің 87-бабына сәйкес, жұмыс берушілер скринигтен өтетін жұмыскерлерді бір күнге жұмыстан босатуға міндетті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...