Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Барахолкаға күзетші болу үшін сүреден емтихан тапсырасың

Танымал

Ел аузында

Журналист Диас Нұрақын «Байсат» базарындағы күзетшілерден сүре сұрап, аят айтқызады деген ақпарат 100% расталғанын мәлімдеді.

Журналист Диас Нұрақын барахолкадағы Байсат базарының жұмысшылары сүре білмесе жалақыларынан қағылып жатқанын және базар басшылығы діни фанатизмге ұрынғанын айтып, дабыл қақты, деп жазады arasha.kz.

«Алматыдағы әйгілі барахолка діни фанатиктердің бақылауында сияқты. Байсат базарында күзетші болып жұмыс істейтін танысым айлық алу үшін құран сүрелері мен аяттарды жатқа білуің керек деп айды аспанға бірақ шығарды. Яғни, ай сайын жалақының уақыты жақындағанда базарға молда келіп күзетшілерден емтихан алады екен. Кімде кім сүре немесе аяттан шатасса айлығынан 5 мың теңге ұстап қалады дейді. 4 рет қателессең жалақыңнан 20 мың теңге жоқ деген сөз»,-деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Ең сорақысы жиі қателескендерді бірден жұмыстан шығарып жібереді екен.

«Бәріміз білетін Фатиха мен Бақара емес ең қиын, қарилар ғана жатқа соғатын сүрелерді сұрайды дейді танысым. Кей дыбыстарға тілің келмей шатассаң молдекең айқайлап, әңгір таяқ ойнатады дейді. Жасы егде тартқан күзетшілер біразын жаттап алған. Ал, отбасын асырау үшін 2-3 жерде жұмыс істейтін жастарға обалды деп отыр таныс ағам. Күзетшілерден сынақ алатын молда Жаңатұрмыс мешітінен келеді екен-мыс. Оған базар басшылары кәдімгідей айлық төлейді дейді. Ол аздай барлық күзетшілерді намаз оқуға мәжбүрлейді екен. Бұрыннан келе жатқан бұл ереже қаңтардағы қырғыннан кейін сап тиылған. Бірақ соңғы 1-2 айда қайта басталыпты. Жаңатұрмыстан келетін жаңа молда қатал деп ашынып отыр күзетшілер», – деп жазды Д. Нұрақын.

Оның айтуынша, жұмысшылар осы мәселенің бәрін ашық айтуға, журналистерді шақырып шулатуға қорқады. Біріншіден жұмыстан шығарып жіберуі мүмкін. Екіншіден бұл базар Мұхамеджан Тазабекпен бірге сапасыз суретке түсіп қалған әлгі кісінікі көрінеді. Сондықтан ол қамауда жатса да әлі қауқары күшті деп қорқады.

Журналист сондай-ақ Байсат базарындағы күзетшілерден сүре сұрап, аят айтқызады деген ақпарат 100% расталғанын мәлімдеді. Ол бойынша Діни басқарма өкілдері өздері жариялаймыз деп уәде берген.

«Тек күзетшілер емес базардағы еден жуушы, дала сыпырушы, есепші деген сияқты барлық қызметкер діни сауатты болуы тиіс деген қатаң қағида бар екен. Намаз оқымайтын, құран сүрелерін білмейтіндер жұмысқа қабылданбайды екен қысқасы. Өсек айттың, естігеніңді емес көргеніңді жаз деген оқырмандарыма сәл сабыр сақтап, мүфтияттың ресми мәлімдемесін күтуді сұраймын. Олар жалтарып кетсе, барлық деректі өзім жариялаймын»,- деп жазды ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...