Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
7.3 C
Shymkent

Теміртауда оқушы мектеп формасына ақша жинау үшін есірткі тасымалдаушысы болып жұмыс істеген

Танымал

Ел аузында

Теміртауда полицейлер 11-сынып оқушысын есірткі заттарын жасырып жатқан жерінен ұстады. Өзінің кімге қызмет етіп жүргенін білмеген жігіт ата-анасына қаржылай көмектесіп, мектеп формасын алуы үшін жұмыс істемек болғанын айтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі patriot_patriot Telegram арнасына сілтеме жасап.

Оқушыға жұмыс берушілер оған қомақты қаражат ұсына отырып, ешкіммен байланыс орнатпай, тек телефон арқылы жұмыс істейтінін жеткізген. Олар жігітке тек берілген затты белгілі бір орындарға, аулалар мен көшелерге жасырып, кейін суретке түсіріп алуы керек екенін айтқан.

«Жақында мен мектепке дейін ақша табу үшін жазғы жұмыс іздедім. Сосын маған бейтаныс біреу сәлемдемелерді қоғамдық орындарға тығып қою сияқты жұмысты ұсынып, жоғары жалақыға уәде береді. Бұл ретте ол адам сәлемдемелердің қандай болатынын айтпайды. Мен де ақымақ емеспін. Есірткі туралы айтып отырғанын бірден біліп, жұмыс берушіні бұғаттадым. Кейін бұл туралы анама айттым», – деп бөлісті тағы бір оқушы.

Соңғы жылдары жылдам ақша ұсынатын мұндай көздер барған сайын көбейіп келеді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда есірткі таратуға қатысты 1606 сайт, аккаунт және басқа да ресурстар бұғатталған. Бұл ретте есірткіні заңсыз жарнамалау немесе насихаттау бойынша 76-қылмыстық іс, интернет арқылы сату бойынша 153-қылмыстық іс тіркелген.

ІІМ Есірткі қылмысына қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Данияр Оралов тұрғындардың қатысуымен есірткі сатуға арналған интернет-ресурстарға сілтемелер бар 4160 граффити суреті жойылғанын айтты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...