Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

Қазақстанда 16 мыңнан астам шетел азаматы жұмыс істейді – Еңбек министрлігі

Танымал

Ел аузында

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі елімізде қазіргі уақытта шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1762 жұмыс беруші бар екенін айтты. 2022 жылғы 1 тамыздағы дерек бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 16 027 шетелдік азамат жұмыс істеуде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Шетелдік жұмыс күшін пайдаланатын 1762 жұмыс берушінің қол астында 397 мыңнан астам Қазақстан азаматтары жұмыс істейді. Бұл жалпы қызметкерлер санының 97 пайызын құрайды.  

Шетелдік жұмыс күшін тартуға берілген рұқсаттардың ішінде келесі санаттар бар:

Басшылар мен олардың орынбасарларына рұқсат(бірінші санат) -596 адам;

Құрылымдық бөлімшелердің басшыларына рұқсат(екінші санат) -3137;

Тартылған жұмыс күшінің негізгі бөлігін үшінші (мамандар) және төртінші (білікті жұмысшылар) санаттары – тиісінше 8037 және 1070 адамды құрайды.

Сондай-ақ маусымдық жұмысқа 1456 адам тартылса, корпоративтік ауысым аясында 1731 адам қамтылған.

Еңбек министрлігінің мәліметінше, 2022 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Қазақстан аумағында жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен 16 027 шетелдік азамат жұмыс істейді.

Еңбек мигранттарының негізгі шыққан елдері:

Қытай – 3566 адам;

Түркия – 1822 адам; 

Үндістан – 1724 адам; 

Өзбекстан – 1566 адам;

Ұлыбритания – 1193 адам.

Ішкі еңбек нарығын қорғау мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын республикаға шетелдік мамандарды тартуға квота белгілейді және бөледі. Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың қаңтар айында отандық ірі бизнес өкілдерімен кездесуінен кейін берген тапсырмасын орындау мақсатында, шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны бұрын жоспарланған 28 352 бірліктен 23 560 бірлікке – 4 792 бірлікке (16%-ға) қысқартты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Новые возможности для целеустремленной молодежи

В Алматы озвучены итоги формирования регионального кадрового резерва. Напомним, что основной целью регионального кадрового резерва является  формирование региональных пулов...