Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25.3 C
Nur-Sultan
22.7 C
Almaty
27.6 C
Shymkent

«Ең жақсы ене»: Айнұр Тұрсынбаеваның келіні сұхбат берді

Танымал

Ел аузында

Жуырда ұлын үйлендірген Айнұр Тұрсынбаева қандай ене? Бұл сауалға айтыскердің келіні Мадина жауап берді. Ол отбасылық өмірі жайлы сұхбат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тұрсынбаеваның жалғыз ұлы Беклан мен Мадина биыл мамыр айында некелерін қидырды. Алайда қыздың ұзатуы енді болады. Келінге сырға салынатын күн де белгілі – 2 қыркүйек. Ұзату той бүгін Нұр-Сұлтан қаласында өтсе, үлкен той 12 қыркүйекте Ыстамбұлда өтеді деп жоспарланып отыр. 

Ал Тұрсынбаеваның қуанышына себепкер болған жас жұбайлар мектеп қабырғасында жүріп танысыпты. Мадинаның айтуынша, Беклан оны ақкөңіл, мейірімді мінезімен баурап алған. 

«Біз алдымен дос болдық, үш жылдан кейін жұп болдық. Өз таңдауыма сенімдімін. Той алдында тек жақсы толқыныс бар. Бірақ көңіл күйім бірқалыпты», – деп ағынан жарылды Тұрсынбаеваның келіні Мадина.

Сондай-ақ, ол халық айтыскер ақын деп танитын Айнұр Тұрсынбаеваның қандай ене екенін айтып берді. 

«Ең жақсы ене. Ылғи «историяма» жауап береді, «қалың қалай?» деп сұрайды. Көп сыйлық береді. Келгенде, бізге тек жақсы көңіл күймен қарайды», –  дейді Мадина.

Қазіргі уақытта Тұрсынбаеваның өзі Түркияда, ал ұлы мен келіні Алматыда тұрады екен. 
 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...