Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
6 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Ресейден қант жеткізілмек: Бағаның арзандауы мүмкін бе?

Танымал

Ел аузында

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі 1 қыркүйектен бастап Ресейде қант экспортына шектеулер өз жұмысын тоқтатқанын айтты. Қазақстандық кәсіпкерлер 14 мың тонна қант сатып алуға келісім-шартқа отырған. Демек алдағы уақытта елімізде бұл өнімге тапшылық мәселесі шешілмек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“ЕАЭО аясында одақтас елдермен келісілген теңгерім көлемі 168 мың тоннаны құрайды. Бұл көлемнің жыл соңына дейін аяқталуы ресейлік жеткізуші компанияларға байланысты. Бүгінгі таңда жеткізушілер арасында қыркүйек айында 14 000 тонна қант жеткізу туралы келісім бар”,- деді ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Осы айда қазақстандық кәсіпорындар 30 мың тонна қант өндіреді деп күтілуде. Қазір қоймаларда 32 мың тоннадан астамы бар. Азаматтардың тәтті өнімге деген ай сайынғы қажеттілігі 44 мың тоннаны құрағандықтан мамандар тапшылық болмайтынын айтады. Оның үстіне дүкендерде бұрынғыдай толқу жоқ. Бірақ әлеуметтік қант бәрібір қолға бір келімен сатылуда. Оның құны 480 теңге.

Ал Шымкенттің базарлары мен дүкендерінде баға әртүрлі. Мұнда қанттың бір келісін 560 теңгеге сатып алуға болады. Кейбір аймақтарда 680 теңгеден қымбатырақ. 

“Екі апта бұрын дүкендердегі қантқа талас дүрбелеңі басылды. Бұрын көпшілік оны қап-қабымен алса, қазір тек бір келіден 530-540 теңгеге алуда. Қанттың бағасы да әртүрлі болып отыр. Алматыда жеке дүкендер оның келісін 800 теңгеге сатса, Қарағандыда 540 теңге, Қостанайда 595 теңгені құрайды. Бағалардың алдағы уақытта қандай болатынын ресейлік қант жеткізілгеннен соң белгілі болмақ”,- деді сатушы Жанат Қызжібекова.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...