Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
12.3 C
Shymkent

«Бұл – тарихи әділеттілік»: Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтанның қайта бұрынғы атымен аталуына қарсы шықты

Танымал

Ел аузында

Бекболат Тілеухан Нұр-Сұлтан қаласының қайта бұрынғы атымен аталуына қарсы шықты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ол үндеуін Facebook желісінде жариялады. 

“Осыдан 30-ақ жыл бұрын боданнан босаған ондаған елдердің арасында аймаңдайы жарқырап, оза шапқан қазақ елінің тізгінін Нұрсұлтан Назарбаев ұстаған еді. Басқа – басқа, осы Қазақстан ел болмай, ұстағанның қолында, тістегеннің аузында кетеді деп болжам жасаған еді. Бүкіл жақсылықтың басында бейбіт күн, жақсылық тұрады. Осының кепілі Назарбаев еді”, – дейді Бекболат Тілеухан. 

Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектерін айтып, Нұр-Сұлтан қаласының атауын қайта Астана деп атауға қарсы шықты.

“Алатаудың баурайында туған Алматы облысының жігіті Алматыдан астананы Ақмолаға ауыстырды. Руласы да, сырласы да қарсы болды. Сол кезде бәрі қарсы болды, бәріміз куәміз. Ештеңеге қарамады. Ауыстырып алып келді. Өйткені мұрат – асыл, мақсат – айқын болатын. Қазаққа қажетті болашақты болжай білгендіктен де ол солай істеді. Осы бір терең сарабдал саясатының тереңіне бойлай алмай қалғанымыз ба, ағайын?” – деді ол.

Тілеуханның айтуынша, Астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуы – тарихи әділеттілік. 

“Кеше ғана Хрущевтің шеңберінен әупіріммен аман қалған Ақмола еді ғой. Сол Ақмоланы алашқа астана қылғанды ойдың тереңін түсінетін жөніміз бар ғой, ағайын. Астанамыздың Нұр-Сұлтан аталуы – бұл тарихи әділеттілік. Ердің ерекше еңбегіне берілген баға. Алаштың алғысы. Құсығын қайта жеген құнсыз құсамай, айтылған сөз аталған есім атылған оқтай қайтпаса, нағыз әділді осы болар еді”, – деді ол.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Жүрек төрт рет тоқтаған: Алматы облысының дәрігерлері жаңа босанған ананың өмірін аман алып қалды

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасына Райымбек ауданында жағдайы нашарлаған жаңа босанған әйел туралы шұғыл хабарлама келіп түсті. АККА дәрігерлері мен...