Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

15 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
18.3 C
Shymkent

Түркістандық полицейлердің жаңа формасы тексеріліп, саптық жиыны өтті

Танымал

Ел аузында

ҚР ІІМ-нің тапсырмасына сәйкес Түркістан облысы ПД бастығы полиция генерал-майоры Мұрат Қабденов: «Әрбір полицейдің сыртқы көрінісі жинақы әрі мұнтаздай таза, формасы денеге қонымды, қолайлы болуы тиіс. Бұл бағытта министрлік тарапынан жаңа нысандық киім даярланып, бүгінде жеке құрамға берілуде. Сонымен қатар тәртіп сақшысының құжаты, қызметтік көлігі де талапқа сай болуы шарт. Осы мақсатта әрқайсыңа осы талаптардың үдесінен шығуды тапсырамын»-деген тапсырмасы облыс аумағында орындалып жатыр.

Мәселен облыстың бас полицейінің бұл тапсырмасын орындау мақсатында, Түркістан қалалық Полиция басқармасының бастығы полиция подполковнигі Бауыржан Жанаев, жеке құрамның дайындығы мен автокөлік қызметінің даярлығын тексерді. Аталмыш саптық байқауға 230 полиция қызметкері және 30-дан астам автотранспорт бірлігі қамтылды. Атап өтсек, ПБ-ның 118 қызметкеріне жаңа форма берілген.

Сондай-ақ саптық тексеруде полиция қызметкерлерінің сыртқы келбетіне басты назар аударылды. Сонымен бірге қызметтік куәліктерінің түгелдігі, жарамдылық мерзімі, лауазымы мен арнайы атағының сай келуі және бейнежетондары мен планшеттердің жұмыс істеп тұруы тексерілді. Анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырмалар берілді.

Бұдан бөлек, саптық тексеруден кейін Түркістан ҚПБ жеке құрам қызметкерлері әдеттегідей әр аптаның жұма, сенбі күндері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, болдырмау және де жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, Түркістан қаласындағы жол апаты орын алуы ықтимал жолдарға, көлік қозғалысы көп жүретін көшелерге рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жүргізу үшін бөлініп, тиісті бағыттарда жұмыстар атқаруда.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В ОБЛАСТИ ЖЕТІСУ ПРОДОЛЖАЕТСЯ АКЦИЯ «МӨЛДІР БҰЛАҚ»

В декаде «Мөлдір бұлақ» республиканской экологической акции «Таза Қазақстан» принимают участие жители разных населенных пунктов области Жетісу. «Мөлдір бұлақ» –...