Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-12 C
Nur-Sultan
-2.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Қырғызстанда зейнетақы мөлшері екі есе өсті

Танымал

Ел аузында

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров елдегі зейнетақы мөлшері едәуір артқанын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

1 қазаннан бастап қырғызстандықтардың зейнетақыларына орта есеппен 1700-ден 3400 сомға (шамамен 10-нан 20 мың теңгеге дейін) дейін үстеме қосылады. Бұл Қырғызтан үшін рекордты өсім болып отыр.

«Бұл қаражат қырғыз зейнеткерілері үшін мінсіз сома емес екен білеміз, бірақ бюджеттің мүмкіндіктеріне қарай, азаматтарымыздың өмірін жақсарту үшін барлығын жасаймыз. Осыған дейін зейнетақы  орта есеппен 200-300 сомға (1100-1700 теңге) артса, биыл рекордты өсім болмақ. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты қырғызстандықтардың өмір сүру сапасын одан әрі арттыруға және әл-ауқатын арттыруға бағытталады», – деп жазды Жапаров Facebook-те.

Сондай-ақ, ол Қырғызстанда 735 мың зейнеткер бар екенін атап өтті. Енді жыл сайын оларға зейнетақы төлеуге республикалық бюджеттен 70 миллиард емес, 90 миллиард сом бөлінеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR Қазақстанда ИИ-агенті бар әлемдегі алғашқы өзін-өзі дамытатын MagicOS 10 операциялық жүйесін іске қосты

Жасанды интеллектке негізделген құрылғылар экожүйесіндегі жетекші жаһандық бренд HONOR Қазақстанда MagicOS 10 операциялық жүйесінің іске қосылғанын жариялады. Жаңа нұсқа HONOR Magic жәнеHONOR 400 сериялы құрылғыларда қолжетімді, ал алдағы үш ай ішінде жаңартуды басқа модельдер де алады. MagicOS 10 әлемдегі алғашқы ИИ-агенті бар, өзін-өзі дамытуға қабілетті операциялық жүйе, ол адам мен технология арасындағы өзара әрекеттестіктің жаңа дәуірін ашады. Қазақстандағы іске қосуHONOR компаниясының өңірге стратегиялық мән беретінін және озық инновацияларды бүкіл әлем пайдаланушыларына қолжетімді етуге ұмтылысын көрсетеді. MagicOS 10 дәстүрлі операциялық жүйелерден AI OS дәуіріне өту кезеңіндегі нақты қадам, яғни құрылғылар тек құрал емес, адаммен бірге үйреніп, дамитын интеллектуалды көмекшіге айналатын жаңа парадигма. Бұл қадам HONOR-дың жаһандық көзқарасын айқындайды: технологиялар пайдаланушы өміріне табиғи түрде интеграцияланып, жайлылықты, өнімділікті және қауіпсіздікті арттыруы тиіс. HONORкомпаниясының бас...