Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

12 C
Nur-Sultan
10 C
Almaty
15.3 C
Shymkent

Бүгін еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады

Танымал

Ел аузында

Республиканың бірнеше өңірінде күн қатты суытады.

Синоптиктер 12 қыркүйеккке арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.  

«Қазақстан аумағының басым бөлігі солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады, соған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз болуы ықтимал. Еліміздің тек солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысы әлі де циклондық қызмет пен атмосфералық фронттардың ықпалында болады, жаңбыр жауады, шығыста, оңтүстік-шығыста – қатты жаңбыр, найзағай болады», – делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Түнде Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын болуы мүмкін (жаңбыр жылбысқы қарға ауысады). ҚР бойынша желдің күші 15-23 м/с, еліміздің шығысы мен оңтүстік-шығысында екпіні 23-28 м/с, күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл соғады.

Еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында – түнде және таңертең тұман болады. Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында бұршақ жаууы ықтимал.

Қызылорда, Түркістан, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Абай облысының оңтүстігінде, шығысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Атырау облысының батысында төтенше өрт қауіпі, Қостанай облысының оңтүстігінде жоғарғы өрт қауіпі сақталады.

Түнде Ақмола облысының солтүстік-батысында, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, Қостанай, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының солтүстігінде топырақ бетінде 1-2 градус үсік жүреді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мойынқұмдықтар экологияға жанашырлық танытты

Қазақстанда жыл сайын өткізіліп келе жатқан "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы биыл да жалғасын тауып, ел көлемінде ауқымды қолдау тапты....