Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
10.3 C
Shymkent

«Келесі басшы Конституциядағы президент мерзімі туралы норманы өзгерте алмайды» – министр

Танымал

Ел аузында

Бұл баптар өзгеріссіз қалады.

Келесі президент Конституциядағы президент мерзімі туралы норманы өзгерте алмайды. 16 қыркүйекте журналистердің сұрақтарына жауап берген әділет министрі Қанат Мусин осылай деп мәлімдеді. 
 
«Бүгін Конституцияға президент мерзімін жеті жылға созу және президент бір ғана мерзімге сайлана алады деген нормалар қабылданды. Бұл баптар өзгеріссіз қалады. Яғни, келесі президент те, парламент те бұл нормаларды өзгерте алмайды» деді парламенттің бірлескен отырысынан кейін ақпарат құралдарының сұрақтарына жауап берген Қанат Мусин. 
 
Дегенмен ол Қазақстан заңнамасында Конституцияны өзгертуге байланысты қандай да бір шектеулер жазылмағанын атап өтті. 
 
«Конституцияның өзінде неше рет өзгертуге болады, қашан өзгертуге болады. Мұндай нормалар жоқ. Бұл қоғам дамуына қатысты ғой» деді ол. 
 
16 қыркүйекте парламент Конституцияға енгізілетін бірқатар өзгерістер атап айтқанда, президент мерзімін жеті жылға созуды, Астана атауын қайтаруды және конституциялық сот судьяларының өкілет мерзімін 8 жылға ұлғайтуды мақұлдаған. Құжат енді президентке қол қоюға жіберіледі.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...