Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Адам көп, жемқор да көп»: Жамаубаев Қаржы министрлігінде неліктен жемқорлық ең көп тіркелетінін түсіндірді

Танымал

Ел аузында

Қаржы министрлігіндегі адамдар мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызын қамтиды.

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев өзінің қарамағында жұмыс істейтін қызметкерлердің неге жиі пара алатынын түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Биылғы 8 айда Қаржы министрлігінде қызмет істейтін 33 адам жемқорлық дерегі бойынша ұсталған. Бұл министрліктер ішіндегі антирекорд. Осыған байланысты министрдің өзі түсініктеме берді.

«Тиісті ескертулер жасалды, тапсырмалар берілді. Бұл статистика ешкімге абырой әкелмейді. Бірақ осы тұста айта кетейін, біздің министрлік әкімшілік қызметтегі ең үлкен министрлік. Яғни құқық қорғау органдарын есептемегенде, Қаржы министрлігіндегі адамдар мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызын қамтиды. Сондықтан адам басына шағып қарасаңыздар, біз бірінші орында тұрамыз», — деп түсіндірді министр.

Біз бұған дейін еліміздегі ең жемқор министрліктердің тізімін жариялаған едік.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Халықаралық сенім мен ел имиджін нығайту жолындағы үлкен қадам

2026 жылы елімізде бокстан студенттер арасында әлем чемпионаты дүбірлі додасы өтуі әбден мүмкін. «Алматы қаласында құрлықаралық бұл доданы өткізуге...