Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

Ахмет Байтұрсынұлының кейінге шегерілген 150 жылдық мерейтойының қашан өтетіні белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазан күні аталып өтеді.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке байланысты кейінге шегірілген Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар 1 қазанда өтеді. Бұл туралы ұйымдастыру алқасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 3-5 қыркүйек күндеріне жоспарланған Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар Әулиекөл ауданындағы төтенше жағдайдың салдарынан кейінге шегерілген болатын. Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар тарапынан зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсетілді. Қазіргі таңда жағдай тұрақталды.

Осыған орай, Ұлт ұстазының мерейтойы 1 қазан күні аталып өтетін болады. Мерекелік іс-шаралар Ахмет Байтұрсынұлы және Торғай ауылдарында өтеді.

Бағдарлама бойынша Сарытүбек қонысында Ахмет Байтұрсынұлының кесенесіне тағзым жасау, музей-үйдің тұсаукесері өтіп, ас беріледі. Торғай ауылында спорттық шаралар (қазақ күресі, ат жарысы), ескерткіштің ашылуы, реэкспозициядан кейінгі А.Байтұрсынұлы мен М.Дулатұлының әдеби музейінің тұсаукесері, ғылыми-практикалық конференция жоспарланған», – делінген ұйымдастыру алқасының хабараламасында.

Еске салайық, Қостанайдағы алапат өрт кезінде өңірге жұмыс сапарымен барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ахмет Байтұрсынұлының мерейтойына қатысты пікір білдірген еді. Ол жолы Мемлекет басшысы өртпен байланысты жағдай тұрақталып, зардап шеккендерге көмек көрсетілген соң Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне баратынын мәлімдеген болатын.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Яндекс Іздеу бүкіл әлемнің түрлі нүктесіндегі контентті қазақ тілінде қолжетімді етеді

Яндекс Іздеу қазақ тіліне нейрожелілік аудармасы бар ағылшын және орыс тілді мақалаларды көрсете бастады. Ұлттық тілдегі пайдалы материалдардың саны...